13-16 қазан аралығында Жамбыл ауылында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық айтыс өтеді. Конкурс Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттауға және талантты оқушыларды дамытуға бағытталған. Қатысушылар екі номинацияда: тақырыптық айтыс және қайым айтыс бойынша бақ сынайды. Жеңімпаздар дипломдар мен арнайы сыйлықтар алады.

